Arduone kit
Тәжірибе №10 Сұйық Кристалды Индикатор
Бұл тәжірибеде сізге СКИ-і меңгеру қажет болады (LCD*). СКИ немесе сұйықкристалды дисплей
Бұл тәжірибеде сізге СКИ-і меңгеру қажет болады (LCD*). СКИ немесе сұйықкристалды дисплей,қарапайым дисплей болып табылады, ол пәрмендердің орындалуын кескіндейді, түрлі қадағалардың ақпараттарын шығара алады – барлығы өзіңіздің Arduino платаңызды қалай бағдарламалағаныңызға тәуелді болады. Сіз СКИ-мен жұмыстың негізгі қағидаларын білесіз: СКИ-ді Arduino жобаларында қалай қосады, қалай баптайды, қалай қолданады және т.б. СКИ модулі ағытпадан бөлек жеткізіледі, егер сізде оны дәнекерлеумен қиындық туындайтын болса, білікті маманнан кеңес сұраңыз

*LCD Liquid Crystal Display (eng.)
Схема подключения
Скетч

#include <LiquidCrystal.h>
LiquidCrystal lcd(12,11,5,4,3,2);

void setup()
{
  lcd.begin(16, 2); 
  lcd.clear();
  lcd.print("hello, world!"); 
}

void loop()
{
  lcd.setCursor(0,1);
  lcd.print(millis()/1000);

// lcd.setCursor(0,1);   
// lcd.print("       "); 
// lcd.setCursor(0,1);   
// lcd.print(millis()/1000); 
// http://arduino.cc/en/Reference/LiquidCrystal
}
Сіз нені көресіз:
Ең алғаш дисплейде сіз кенет пайда болған "hello, world!" сөздерін көру керексіз. Есіңізде ме? Сіз кереғарлықты потенциометр тетігі арқылы баптай аласыз, егер сөздер анық көрінбейтін болса. Егер қиындықтар туындайтын болса, бағдарлама кодының дұрыс жазылғанына көз жеткізіп, барлық жалғануларды екі рет тексеріңіз.
Мүмкін қиындықтар:
Экран тым жарқын болып тұр Жарықты потенциометр тетігі арқылы реттеп көріңіз, кері жағдайда сіз СК экранындағы мәтінді оқи алмайсыз.
Мүлдем жұмыс істемейді Бағдарлама кодының жазылу дұрыстығын мұқият тексеріңіз, атап айтқанда LiquidCrystal кітапханасының қосылуын. Экранның жылтылдауы
Сіздің платаңыз бен Arduino-ның, сондай-ақ қуат тізбектерінің қосылу дұрыстығын тексеріңіз.
Өмірде қолданылуы:
СК дисплейдері қазір барлық жерде бар! қолыңыздағы сағат, қысқа толқынды пештегі табло, тіпті заманауи теледидардың өзі Сұйықкристалды Дисплей болып табылады!